«Жастар мәдениеті: Әдеп, руханият және дәстүрдің тепе-теңдігі» тақырыбында «Білім» корпорациясының бас директоры, философия ғылымдарының докторы Ахан Бекежан Аханұлының «Аңсар» ақпараттық талдау орталығына берген сұхбатын Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің білім алушылары тыңдады.
Бұл подкастта:
— жастардың әдеп мәдениеті.
— рухани тәрбие мен ішкі мәдениеттің маңызы.
— Дәстүр мен діннің үйлесімі.
— Интернет-дәуіріндегі жастардың сөз және қарым-қатынас әдебі талқыланды.
Тәрбиелік мәнді, тағылымды, мазмұнды сұхбаттан білім алушыларымыз рухани азық алды.