Author: admin

  • «Практикалық сабақ: Дәстүрден инновацияға»

    «Практикалық сабақ: Дәстүрден инновацияға»

    Бүгін жас мамандар мен тәлімгерлердің қатысуымен «Практикалық сабақ: Дәстүрден инновацияға» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында қатысушылар дәстүрлі оқыту әдістерін заманауи инновациялық тәсілдермен ұштастыру жолдарын талқылап, тәжірибе алмасты. Семинарда тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер ұсынылды.

  • Балаларды қорғау күніне орай “Аяла” балаларды қолдау орталығында ерекше мерекелік шара өтті.

    Балаларды қорғау күніне орай “Аяла” балаларды қолдау орталығында ерекше мерекелік шара өтті.

    Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай “Аяла” балаларды қолдау орталығында ерекше мерекелік шара өтті.

    Ауқымды шараға Астана ауданының әкімі Баянбек Талғатұлы, ҚР Ұлттық құрылтай мүшесі, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Тәттігүл Жақсыбайқызы, мәслихат депутаттары, облыстық білім басқармасының өкілдері мен еріктілер қатысты.

    Мерекелік шара “ALT” гуманитарлық-техникалық колледжінің бүлдіршіндерге арнап салған жаңа балалар ойын алаңының ашылу рәсімімен басталды. Балалардың шат күлкісіне толы мерекеде түрлі топтық жарыстар, қызықты ойындар ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.

    Шара соңында балаларға арнайы сыйлықтар табысталып, аниматорлардың қатысуымен мерекелік бағдарлама жалғасын тапты.

  • ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мамандары фармацевтикалық бөлімнің бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізді.

    ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мамандары фармацевтикалық бөлімнің бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында маман сертификатын алу тәртібі, қажетті құжаттар тізімі және «Е-лицензиялау» порталы арқылы өтініш беру мәселелері түсіндірілді. Студенттер өз сұрақтарына жауап алып, болашақ кәсіби қызметіне қажетті маңызды ақпаратпен танысты.

  • «Бопай ханым жоғары медициналық колледжі» ЖШС -сі 2курс студенттері арасында босаған мемлекеттік гранттың орнына конкурс жариялады

    «Бопай ханым жоғары медициналық колледжі» ЖШС -сі 2курс студенттері арасында босаған мемлекеттік гранттың орнына конкурс жариялады

  • WORLDSKILLS AQTOBE 2026

    WORLDSKILLS AQTOBE 2026

    Өңірлік WorldSkills чемпионаты — студенттердің кәсіби шеберлігін шыңдап, практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.

    «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша колледжіміздің студенті Қолқанатова Жанель чемпионатқа қатысып, өз білімін тәжірибеде көрсетіп, жүлделі ІІІ орын иеленді 👏

    Осындай байқаулар жас мамандардың кәсіби дамуына, жауапкершілігі мен тәжірибесінің артуына үлкен мүмкіндік береді.

    Студентімізге алдағы уақытта мол тәжірибе мен жаңа белестер тілейміз! 🌸

    #WorldSkills#AQTOBE2026

  • Тәлімгерлеріміз Ақтөбе қаласында өтіп жатқан «Тәлімгерлік мектебі» оқыту курсына қатысты 👩🏻‍🏫👨🏻‍⚕️

    Тәлімгерлеріміз Ақтөбе қаласында өтіп жатқан «Тәлімгерлік мектебі» оқыту курсына қатысты 👩🏻‍🏫👨🏻‍⚕️

    Семинар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан дуальды оқытуды дамыту және жұмыс орнында мамандар даярлау мақсатында ұйымдастырылды.

    Екі күн бойы қатысушылар тәлімгерліктің заманауи әдістерін меңгеріп, тәжірибе алмасып, өндірістік тәжірибе кезінде студенттерге жетекшілік етудің практикалық құралдарын үйренді. Семинарға директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Байбекова Р.Т., сондай-ақ емдеу мекемелерінен тәлімгерлер Дюсюкова А.А., Нұртазина Г.М., Күлмұханова Г.У., Жакиева А.К., Назарова Г.А. қатысты.

    Колледжіміз білім алушылардың сапалы тәжірибелік даярлығына ерекше мән береді. Сондықтан осындай жобаларға тәлімгерлердің қатысуы кәсіби білім беруді дамытуға, теория мен тәжірибе арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

  • Бопай ханым жоғары медициналық колледжі-нде «Заң және тәртіп» тақырыбында кездесу өтті.

    Бопай ханым жоғары медициналық колледжі-нде «Заң және тәртіп» тақырыбында кездесу өтті.

    • Кездесу барысында студенттерге құқықтық тәртіп, заңды сақтау, жауапкершілік және қоғамдағы тәртіп мәдениеті туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, тәртіп пен жауапкершілікті насихаттау.
  • 🏆 «WORLDSKILLS AQTOBE 2026» колледжішілік чемпионаты

    🏆 «WORLDSKILLS AQTOBE 2026» колледжішілік чемпионаты

    «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша өткен колледжішілік чемпионатта “мейіргер ісі” мамандығының білім алушылары белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды 👏

    🥇 І орын — Жұмабай Мерей Нұрбекқызы
    Жетекшісі: Ғалымжанова Саяжан Ғайнуллақызы

    🥈 ІІ орын — Қолқанатова Жанель Жандосқызы
    Жетекшісі: Қамшыбекова Наргиза Әбутәліпқызы

    🥉 ІІІ орын — Нағашыбай Олжас Бауыржанұлы
    Жетекшісі: Қамшыбекова Наргиза Әбутәліпқызы

    Қатысушылар кәсіби шеберліктерін, теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білді ✨

    Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Өңірлік чемпионатта сәттілік тілейміз!

  • Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде «Абзал жандар» отаншыл жастар клубының ұйымдастыруымен «Өнегелі өмір» атты ардагер-ұстаздар мен студенттердің кездесуі өтті.

    Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде «Абзал жандар» отаншыл жастар клубының ұйымдастыруымен «Өнегелі өмір» атты ардагер-ұстаздар мен студенттердің кездесуі өтті.

    Шараны колледж ардагерлер кеңесінің төрағасы, оқытушы, «Абзал жандар» отаншыл клубының жетекшісі Нұрлан Ізденұлы жүргізді.

    Кездесу барысында ардагер ұстаздар жастарға өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, тағылымды әңгімелер айтты. Шара соңында құрметті қонақтар колледж директорының Алғыс хатымен марапатталды.