Тәрбие негізі – ұлттық құндылықта Ұлттың болашағы – жас ұрпақтың бойына сіңірілген тәрбиемен өлшенеді. Қазақ халқында “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деген терең мағына бар. Шын мәнінде, тәрбиенің бастауында ұлттық құндылық, салт-дәстүр, ата-баба аманаты жатыр. Ұлттық құндылықтар – ғасырлар бойы қалыптасқан бай рухани мұра, өмір сүру әдебі, ізгілік пен еңбекке баулитын дара жол.