Рубрика: Без рубрики

  • «Рәміздерім – мақтанышым» бейнеролигі көрсетілді

    «Рәміздерім – мақтанышым» бейнеролигі көрсетілді

    Мемлекеттік рәміздер күніне орай білім алушылар арасында «Рәміздерім – мақтанышым» атты бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихы мен маңызы туралы ақпарат алып, олардың ел бірлігі мен тәуелсіздігінің символы екендігі жөнінде танымдарын кеңейтті.

    Бейнеролик жастардың бойында патриоттық сезімді нығайтып, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен мақтаныш сезімін арттыруға бағытталды.

    🇰🇿 Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айғағы, мақтанышымыздың белгісі!

  • «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» атты Мемлекеттік Әнұран орындау акциясы

    «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» атты Мемлекеттік Әнұран орындау акциясы

    Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» атты акция аясында білім алушылар мен оқытушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындады.

    Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және елге деген сүйіспеншілікті насихаттау.

    Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің айғағы, елдігіміздің белгісі. Әрбір азаматтың оларды құрметтеуі – Отан алдындағы қасиетті парызы.

    🇰🇿 Рәміздерімізді құрметтейік, Тәуелсіздігімізді дәріптейік!

  • «Практикалық сабақ: Дәстүрден инновацияға»

    «Практикалық сабақ: Дәстүрден инновацияға»

    Бүгін жас мамандар мен тәлімгерлердің қатысуымен «Практикалық сабақ: Дәстүрден инновацияға» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында қатысушылар дәстүрлі оқыту әдістерін заманауи инновациялық тәсілдермен ұштастыру жолдарын талқылап, тәжірибе алмасты. Семинарда тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер ұсынылды.

  • Балаларды қорғау күніне орай “Аяла” балаларды қолдау орталығында ерекше мерекелік шара өтті.

    Балаларды қорғау күніне орай “Аяла” балаларды қолдау орталығында ерекше мерекелік шара өтті.

    Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай “Аяла” балаларды қолдау орталығында ерекше мерекелік шара өтті.

    Ауқымды шараға Астана ауданының әкімі Баянбек Талғатұлы, ҚР Ұлттық құрылтай мүшесі, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Тәттігүл Жақсыбайқызы, мәслихат депутаттары, облыстық білім басқармасының өкілдері мен еріктілер қатысты.

    Мерекелік шара “ALT” гуманитарлық-техникалық колледжінің бүлдіршіндерге арнап салған жаңа балалар ойын алаңының ашылу рәсімімен басталды. Балалардың шат күлкісіне толы мерекеде түрлі топтық жарыстар, қызықты ойындар ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.

    Шара соңында балаларға арнайы сыйлықтар табысталып, аниматорлардың қатысуымен мерекелік бағдарлама жалғасын тапты.

  • ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мамандары фармацевтикалық бөлімнің бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізді.

    ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мамандары фармацевтикалық бөлімнің бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында маман сертификатын алу тәртібі, қажетті құжаттар тізімі және «Е-лицензиялау» порталы арқылы өтініш беру мәселелері түсіндірілді. Студенттер өз сұрақтарына жауап алып, болашақ кәсіби қызметіне қажетті маңызды ақпаратпен танысты.

  • Запись без названия 2348

    «Бопай ханым жоғары медициналық колледжі» ЖШС -сі 2курс студенттері арасында босаған мемлекеттік гранттың орнына конкурс жариялады

  • WORLDSKILLS AQTOBE 2026

    WORLDSKILLS AQTOBE 2026

    Өңірлік WorldSkills чемпионаты — студенттердің кәсіби шеберлігін шыңдап, практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.

    «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша колледжіміздің студенті Қолқанатова Жанель чемпионатқа қатысып, өз білімін тәжірибеде көрсетіп, жүлделі ІІІ орын иеленді 👏

    Осындай байқаулар жас мамандардың кәсіби дамуына, жауапкершілігі мен тәжірибесінің артуына үлкен мүмкіндік береді.

    Студентімізге алдағы уақытта мол тәжірибе мен жаңа белестер тілейміз! 🌸

    #WorldSkills#AQTOBE2026

  • Тәлімгерлеріміз Ақтөбе қаласында өтіп жатқан «Тәлімгерлік мектебі» оқыту курсына қатысты 👩🏻‍🏫👨🏻‍⚕️

    Тәлімгерлеріміз Ақтөбе қаласында өтіп жатқан «Тәлімгерлік мектебі» оқыту курсына қатысты 👩🏻‍🏫👨🏻‍⚕️

    Семинар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан дуальды оқытуды дамыту және жұмыс орнында мамандар даярлау мақсатында ұйымдастырылды.

    Екі күн бойы қатысушылар тәлімгерліктің заманауи әдістерін меңгеріп, тәжірибе алмасып, өндірістік тәжірибе кезінде студенттерге жетекшілік етудің практикалық құралдарын үйренді. Семинарға директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Байбекова Р.Т., сондай-ақ емдеу мекемелерінен тәлімгерлер Дюсюкова А.А., Нұртазина Г.М., Күлмұханова Г.У., Жакиева А.К., Назарова Г.А. қатысты.

    Колледжіміз білім алушылардың сапалы тәжірибелік даярлығына ерекше мән береді. Сондықтан осындай жобаларға тәлімгерлердің қатысуы кәсіби білім беруді дамытуға, теория мен тәжірибе арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.