2026 жылғы 4 қыркүйек күні Куатова Айгул Әкімқызының бастамасымен «Бопай ханым жоғары медициналық колледжі» ЖШС-нің Әдістемелік кабинеті ұйымдастыруымен жас оқытушыларға арналған «Жас оқытушының құжаттар қоржыны: №130 бұйрық аясындағы нормативтік талаптар мен әдістемелік нұсқаулықтар» тақырыбында семинар өткізілді.
🎯 Семинардың мақсаты – колледждің жас мамандарына оқу-әдістемелік құжаттарды жүргізу талаптарын түсіндіру, №130 бұйрыққа сәйкес бекітілген нысандарды сауатты толтыру дағдыларын қалыптастыру және педагогикалық қызметтің алғашқы жылында әдістемелік қолдау көрсету.
Семинар барысында:
🔹 №130 бұйрықтың ТжКБ және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтеріне қатысты талаптары;
🔹 оқытушының міндетті құжаттары;
🔹 күнделікті, оқу жылы бойы және жылына бір рет жүргізілетін құжаттар;
🔹 оқу сабағының жоспарын дұрыс құру;
🔹 теориялық оқытуды есепке алу журналы;
🔹 оқу жұмыс бағдарламасын әзірлеу талаптары;
🔹 құжаттарды қағаз және электрондық форматта жүргізу ерекшеліктері;
🔹 жас оқытушылар жиі жіберетін қателер қарастырылды.
📌 Сонымен қатар семинар барысында оқу сабағының жоспарын толтыру үлгісі, оқу жұмыс бағдарламасының құры
