
Бүгін колледжімізде маңызды іс-шара ұйымдастырылып, Еңбек мобильді орталығының мамандары студенттерге еңбек нарығындағы қазіргі өзгерістер мен трендтер туралы жан-жақты ақпарат берді. Семинар барысында медициналық мамандық иелеріне сұраныс деңгейі, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, жастарға арналған мемлекеттік қолдау тетіктері және кәсіби бағдарға қатысты кеңестер ұсынылды.
💡 Студенттер орталық мамандарынан өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықтарын дамытуға бағытталған пайдалы ақпарат алды. Сонымен қатар, қатысушылар видео сабақ алып,арнайы тест тапсырды. Бұл тест олардың білім деңгейін айқындап, еңбек нарығындағы талаптарға қаншалықты дайын екенін бағалауға мүмкіндік берді.
🎓 Тесті сәтті аяқтаған студенттерге сертификаттар табысталды. Бұл сертификаттар олардың белсенді қатысқанын ғана емес, кәсіби өсіп-жетілуге деген ынтасын да көрсетеді.
Осындай кездесулер біздің колледж студенттерінің болашаққа сенімді қадам басуына, кәсіби дамуына және медициналық салаға деген қызығушылығын арттыруға үлкен серпін береді.
