«Емдеу ісі» мамандығының 1,2 курс бөлім меңгерушісі

Сагындыкова Лязат Сагындыковна

Санаты: Педагог-эксперт. Жоғары санатты. «Педагогика, психология» пәндерінің оқытушысы.
Білімі:
1993-1997жж. АУ «Дуние», жоғары. Үздік диплом. Экономист-менеджер.
2009-2011жж. АУ «Дуние» бакалавр. Үздік диплом. Педагог –психолог.
2011-2013жж. АУ им С.Баешева. «Экономика» мамандығы бойынша магистратура.
2022ж. – Педагогика-психология мамандығы бойынша «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде» магистратурада оқып жатыр.
Жұмыс өтілі:
1999-2002жж. Талдық орта мектебі. Экономика пәнінің мұғалімі.
2002-2009жж. АУ. «Дуние», экономикалық пәндер оқытушысы
2009-2013жж. АГТК арнайы пән оқытушысы және ПЦК (Экономикалық пәндер және педагогика, психология)
2013-2021жж. Баишев  жоғары медициналық колледжі. Арнайы пән оқытушысы (Экономикалық пәндер және педагогика, психология)
2021-2022жж. ALT «Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі». Арнайы пән оқытушысы.
2022-2023жж. №46 ЖОББМ ҚББ және ALT «Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі». Арнайы пән оқытушысы.


Сипаттамасы:   

Емдеу ісі – бұл базалық медициналық білім, содан кейін барып арнайы мамандандықты игеруге болады: хирург, терапевт, кардиолог, педиатр және т.б. Әр курста студенттер ауруханаларда, емханаларда және жедел жәрдем станцияларында міндетті практикадан өтеді.
Бұл саланың қызметкерлері мықты денсаулыққа, жақсы дене дайындығына, батылдық пен жігерлікке ие. Студенттерге адамдарды емдеу мен түрлі ауруларды дұрыс диагностикалауды ғана емес, сонымен қатар халық арасында профилактикалық және ағартушылық жұмыстарды жүргізуді үйретеді.

«Емдеу ісі» мамандығының түлегі өз бетінше пациенттермен жұмыс жүргізуге, оларға ем тағайындау мен ем жүргізуге құқығы жоқ. Ол пациенттермен өз жұмысын тәжірибелі мамандардың бақылауымен ғана орындай алады. Сонымен бірге ол ғылыми қызметпен айналыса алады, медициналық мекемелерде түрлі лауазымдарда қызмет ете алады.
«Емдеу ісі» мамандығы мына бағыттар бойынша кәсіби мамандарды дайындайды:
–Фельдшер.
Дәрігер болып жұмыс істеу үшін «Емдеу ісі» мамандығының түлегі колледжді аяқтағаннан кейін ЖОО-да жоғары кәсіптік білім алуы қажет.

Жалпы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Емдеу ісі» мамандығы 1,2 курс бойынша  35 топ, оның ішінде 5 бюджеттік топ бар.

1 курс  «Емдеу ісі»-мамандығы бойынша: 10 топ 9-сыныптан кейін, 5 топ 11-сыныптан кейін.

2 курс  «Емдеу ісі»-мамандығы бойынша: 12 топ 9 сыныптан кейін, 8 топ 11 сыныптан кейін.