📌 Шара қонағы – тәжірибелі медиатор, “Алтын алқа” иегері, “Мерейлі отбасы” республикалық байқауының жеңімпазы, “Елеулі еңбегі үшін” медалінің иегері, “Қазақстанның ең үздік әйелі” орденінің иегері Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызы болды.
Кездесу барысында ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі маңызы, отбасылық береке мен ата-ананың жауапкершілігі, ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру жолдары кеңінен талқыланды. Қонағымыз өз өмірлік тәжірибесімен, даналыққа толы ойларымен бөлісіп, ата-аналарға тағылымды кеңестер ұсынды.
🌿 Ұлттық салт-дәстүр – ұрпақтың болмысын қалыптастыратын шынайы тәрбие мектебі.
Сол құндылықтарды бүгінгі жас буынға жеткізу – баршамыздың ортақ парызымыз.
Жылы жүздесуге қатысып, белсенділік танытқан ата-аналарға зор алғыс білдіреміз! 💐
