09160100 «ФАРМАЦИЯ» мамандығының бос білім грантына конкурс жарияланады

🔹2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА 09160100 «ФАРМАЦИЯ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БОС БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ:

🔹Техникалық және кәсіптік білім алу процесінде босаған 2024-2025 оқу жылына арналған бос білім беру гранттарының саны – 2.

09160100 «Фармация» (11 сынып) мамандығы бойынша, 1 курс, оқу тілі — Қазақ, жергілікті бюджет — 2 орын

🔸Техникалық және кәсіптік білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі

— Техникалық және кәсіптік білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары осы мамандық бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі. Конкурс аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі.
— Бос білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде оқудың барлық кезеңі бойынша үлгерімнің орташа баллының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек А, А- («өте жақсы»), содан кейін А, А- («өте жақсы») — В+, В, В — («жақсы») бағалары бар, және тәрбие, мәдени, спорт, басқа да іс-шараларға белсенді қатысып жүрген білім алушылар, аз қамтылған отбасылардың балалары басым құқыққа ие болады.
— Техникалық және кәсіптік білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ақылы негізде білім алушы білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға оқу орны басшысының атына өтініш береді. Білім алушының өтінішіне білім алушының транскрипті/сынақ кітапшасының көшірмесі, оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мінездеме, тәрбие, мәдени, спорт, басқа да іс-шараларға белсенді қатысуын растайтын құжаттар (портфолио) қоса беріледі;
2) конкурсқа қатысуға құқылы — аралық аттестаттау нәтижелері бойынша академиялық берешегі жоқ ақылы негізде оқитын білім алушылар.

📢Құжаттар 09-қазан сағат 10:00-ге дейін қабылданады. Конкурсқа 2 курстың (11 сынып) «Фармация» мамандығында оқитын білім алушылары қатыса алады.

Барлық сұрақтар бойынша «Мейіргер ісі және Фармация» бөлімінің меңгерушісі Өмірзақ Райымбек Жанәбілұлына хабарласуға болады.