1 курс білім алушыларын салтанатты түрде студенттер қатарына қабылдау үшін “WELCOME STUDENT” мерекелік кеші өткізілді.

Ағымдағы жылдың 28 қараша күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің 1 курс студенттері үшін ұмтылмас мереке болды. 1 курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдау, студенттік мәртебені анықтайтын құжаттар – сынақ кітапшасы мен студенттік билеттерді салтанатты түрде табыстау. Колледж тарихы мен құрылымынан мәлімет беру. Білім алушылардың құқықтық мәртебесін айқындау мен білімділік пен ізденімпаздылыққа шақыру мақсатында 1 курс білім алушыларын салтанатты түрде студенттер қатарына қабылдау үшін “WELCOME STUDENT” мерекелік кеші өткізілді.

Шараға колледж директоры М.С.Нурмаганбетова қатысып, алғы сөзін айтып, белсенді студенттерді құрмет грамотасымен марапаттады. Колледж жарғысына сәйкес АНТ қабылдау рәсімі мен ту табыстау рәсімі өткізілді.

Шара барысы Жастар ісі жөніндегі комитетінің өнерлі студенттерінің ән-би шашуларымен жалғасты. Келешек өмірге қадам басып келе жатқан, болашаққа нық сеніммен қарайтын студенттерге ақ жол мен сәт сапар тілейміз!
@kda07 @aqtobejastary @jasaqtobe
Video by: @ruslanovich_sn