2023 жылдың 03 қарашасы күні «Жастар ісі жөніндегі комитетінің» ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» атты жұптар байқауы өтті.
Бұл іс-шарада 1 курс студенттері әр номинация бойынша белсене қатысып, өз өнерлерін паш етті.
Байқаудың шарттарымен номинациялары бойынша сынға түскен өнерлі жұптарды іріктеп, қорытынды нәтижесін әділ – қазылар алқасының құрамы шығарды. Қазылар алқасының құрамында колледж әдіскері М.Ө.Өмірзақова қазылар алқасының төрайымы, жобаға демеушілік еткен «Aikun» омыртқа сауықтыру орталығының негізін қалаушы С.Е.Досмухамбетова @aikun_aqtobe , «Hollywood» сән және сұлулық салонының негізін қалаушы А.Ж.Абишкенова және «BISEKENOVA» сән үйінің негізін қалаушы Р.А.Бисекенова мен «Күз ханзадасы мен ханшайымы-2021» жеңімпаздары төрелік етті.
Байқау қорытындысы: «Көрермен көзаймы» номинациясы бойынша Әділет пен Аружан ең көп дауыс жинап жеңіп алды.
Гран-приді Заманбек пен Наргиза @aikun_aqtobe — нің 100000 (жүз мың) теңгелік сертификаты мен @hollywood_beauty_center -дің 100% жеңілдігіне ие болды.
І орынды Ислам мен Жаннұр, ІІ орынды Нұрсұлтан мен Меккемадина ал ІІІ орынды Нұрғасыр мен Зарина жеңді.
Жеңімпаздарға демеушілердің жеңілдік сертификаттары барлық қатысушыларға атаулы номинациялар беріліп @atelier_by_bisekenova_roza -ның авторлық туындылары тарту етілді.