1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер, әлеуметтік серіктестер және қымбатты ата-аналар мен студенттер!

🌷Көктемнің соңғы айы керемет мейрамдардан басталады! Бүгін қазақстандықтар ел азаматтарының бірлігі мен келісімінің символы – халық бірлігі күнін атап өтуде!

1 мамыр – республикамыздың мәдениетінің сан алуандығы мен рухани дәстүрлері байлығының көрінісін тапқан мереке.

Біздің көпұлтты мемлекетімізде 100-ден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр.

Тәуелсіздігіміздің тарихы – баршамыздың Достық шежіресі!

Жыл сайын біздің достығымыз нығайып, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім сақталсын!

Құрметпен, директор Манет Сағынғалиқызы НҰРМАҒАНБЕТОВА!