1 наурыз Алғыс айту күніне орай еріктілер клубы мерекелік концерт өткізді.

«Ашық жүрек» қайырымдылық клубы Алғыс күніне орай мерекелік шара өткізді.

1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай – ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.

«Ашық жүрек» қайырымдылық клубы жетекшісі М.Б.Аренованың ұйымдастыруымен Алғыс күніне орай мерекелік шара өткізді. Шара жоғары деңгейде өтті. Көрермендер шын жүректен алғыстарын білдіріп, ілтипат көрсетті.