18 наурыз «Ұлттық киім» күні «Сырғалым» қыздар клубы «Сырғалым-сырласым» байқауын өткізді.

Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар.

Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.

Осыған орай республикалық Наурыз меркесіне арналған онкүндік шеңберінде Бопай ханым жоғарғы медициналық колледжінің “Сырғалым” қыздар клубы мен оның жетекшісі- Сагындыкова Лязат Сагындыковнаның ұйымдасытыруымен өткізілген “Сырғалым- сырласым” атты жеңгелер мен қайын сіңілілер арасында байқау өткізілді.

Байқаудың мақсаты: Жеңге мен қайын сіңілі арасындағы сыйластықты, бір- біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, адамгершілік қасиеттерін, Отанын, тілін, қазақи салт- дәстүрін құрметтей білуге, ұлттық дәстүрлерді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгенің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу. Байқау барысында бойжеткендер мен жеңгелер ұмытылып бара жатқан салт- дәстүрлерімізді еске түсірді.

Байқау 5 кезеңнен құралды:
Бірінші кезең- таныстыру
Екінші кезең- “өз өнері”
Үшінші кезең- “сұрақ жауап”
Төртінші кезең- “көрініс қою”
Бесінші кезең- “бармағынан бал тамған”

«Сырғалым-сырласым» байқауының әділ қазы мүшелері.
1. Балдосова Анар Асемгалиевна- «tort aktobe anara» кондитерлік жеке кәсіпкер, жыл үздігі.
2. Кәдіржан Нағима Әлібекқызы- «bella ame aktobe» салонының басшысы.
3. Абильдаева Бибігүл Әбдішүкірқызы –алтын алқа иегері, мерейлі отбасының иегері, Ақтөбе қаласында, Астана қаласындағы мерейлі отбасының республикалық жеңімпазы, ҚР президентінің Қ.К.Тоқаевтың алғыс хатының иегері, «Ұлағатты ұстаз» төс белгісінің иегері, «Жоғары сот» төс белгісінің иегері.
4. Шилманов Алим, Арыстанова Лаура – «Dream trip travel» агенттік орталығының директоры.

«Сырғалым-сырласым» байқауының демеушілері:
5. «Tort aktobe anara» кондитерлігі
6. «Bella ame aktobe» әсемдік салоны
7. «Dream trip travel» тур агенттігі
8. «АR_Fashiionnn» сөмке дүкені
5. «Aifruit_aktobe» шоколадты құлпынай кондитерлігі
6 «As nur dent» стоматологиясы

Жүлдегерлер:
Бас жүлде-Едіге Диана. (МІ-105 топ). Жеңгесі Ұлболсын Тілеумұрат
1орын иегерлері-Тоқмағамбет Ақару (Еі-110топ) Жеңгесі: Баекина Аяжан Елеусізқызы
2орын иегерлері-Арзақұл Ақманар (Еі-112 топ) Жеңгесі: Серікқызы Айкөркем.
3орын иегерлері-Бисен Аида (Mi-104топ) Жеңгесі: Сүлушаш Аманбайқызы
«Көрермен көз айымы» номинация иесі Жылқайдар Аида, (МІ-101) Жеңгесі: Нұрсұлу Рустамқызы
«Сүйкімді жеңге-сырлы қыз» номинациясы-Қалабаева Нұршат(Еі-207топ). Жеңгесі:Жазира Асқарқызы
«Өнерлі жұп» номинациясы-Истелеуова Мадина (Еі-115) Жеңгесі: Суйнбекова Жадыра