Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар.
Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.
Осыған орай республикалық Наурыз меркесіне арналған онкүндік шеңберінде Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні өтті.
Шарада «Үздік ұлттық костюм» аталымы иегері анықталды. Номинацияны «Мейіргер ісі» 101 топ білім алушысы Берік Гүлназ Берікқызы иеленді.