Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар.
Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.
Осыған орай республикалық Наурыз меркесіне арналған онкүндік шеңберінде Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні өтті.
Шараны «Мейіргер ісі» мамандығының 101, 202 топ студенттері топ кураторы Г.А.Алиеваның жетекшілігімен ашық тәрбие сағатын өткізді. Шарада қазақ ұлттық киімдерінен дефиле көрсетіліп, мерекелік қойылымдар қойылды.
Іс-шараның мақсаты — қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғырту.