18 наурыз «Ұлттық спорт күні» оқытушылар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.

Бүгін Наурызнама онкүндігінің жетінші күні. Бұл күн – Ұлттық спорт күні деп жарияланған. Ел ішінде өтетін кез-келген мереке ұлттық ойындарсыз өтпейді. Ең танымал спорттық шаралар, олар бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңгеге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту.

Осы ойындар арқылы көпшілік халқымыздың салт-дәстүрлерімен де таныса алады. Осыған орай Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің дене тәрбиесі пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен @baishev_school , @baishev_university және колледж оқытушылары арасында тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды.