2023 жылдың қорытындысы қандай?

Ақтөбе – Батыс аймақтың бас қаласы.
….Бүгінде осынау бір әдемі шаһарға алыстан ат арттырып, арман арқалап келетін жастар кемде кем. Білім іздеп келушілер саны жыл сайын арта түспесе, кеміген емес. Ақтөбе – студенттердің, жастардың қаласы.

Бұл қалада талай жүрек табысқан, талай тағдырлар тоғысқан. Қысқасы, қазір «Студенттік жылдарымның әдемі естеліктері Ақтөбемен байланысты»,- деп әсерлене баяндайтындардың бәрі де – бір кезде осы алып даланың жұлдызын санаған жастар…
Осындай білімді қанат қылып келген жастарға пана болған оқу орындарының бірі – Бопай ханым атындағы жоғары медициналық колледжі.

Бопай ханым атындағы жоғары медициналық колледжі – Батыс Қазақстан аймағындағы ірі жеке оқу орындарының бірі. 2023 жылдың 9-шы қарашасынан бастап Баишев жоғары медициналық колледжі атауынан Бопай ханым жоғары медициналық колледжі атауына ауыстырылды.

Қазіргі таңда Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде 2000 мыңнан астам білім алушы алатын оқу орны медициналық мамандықтар бойынша бәсекеге қабілетті мамандар даярлайды.

2023-2024 оқу жылында – Мейіргер ісі бойынша Қолданбалы бакалаврына, 2022-2023 оқы жылында «Акушер ісі» мамандықтарына лицензия алынды.

2023-2024 оқу жылында мемлекеттік білім беру гранты бойынша 158 адам 1 курсқа қабылданды, (былтырғы жылмен салыстырғанда 28,4% өсті).

Жалпы, осы оқу жылындағы білім алушылар контингенті – 2062 адамды құрады, оның ішінде 226 адам мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқиды.

2022-2023 оқу жылы түлектерінің 100% — ы мемлекеттік аттестацияны сәтті тапсырып, жұмысқа орналастыру көрсеткіші 99 % құрады.

2023 оқу жылы материалдық-техникалық база жаңартылып, оқу ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Екі спорт залы және бассейн, тренажер залы бар бір спорт кешенінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. 250 орындық асхана, 210 орындық жатақхана қызмет атқарады. Колледжде 12 аналогты және 10 IP камерадан тұратын бейнебақылау жүйесі орнатылған.

Колледж штаты білікті оқытушылар құрамымен толық жасақталған – ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, магистрлер, жоғары, бірінші санатты оқытушылар мен педагог-зерттеуші, педагог-эксперртер, педагог-модераторлар қызмет атқарады. Колледжде медициналық мекемелерден тәжірибелі мамандарды оқытушылық қызметке тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Колледж жанынан құрылған «Еркін сөз» пікірсайыс клубы жандануда. Клубқа 60-тан астам пікірсайысшылар қабылданып, республикалық турнирлерде топ жарды.

Білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы балаларды тәрбиелеу мен оқу процесінде қолдау көрсетудегі ата-ана позициясын белсендіру қажеттілігін анықтайды. Отбасы – балаларды тәрбиелеудің негізгі институты, баланың тұлғасы мен қабілетін қалыптастыру процесінде оның ықпалы іргелі болып табылады. 2023-2024 оқу жылында ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту мақсатында колледжде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылды.

Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Ақтөбе қалалық ювиналды полиция басқармасы мен ішкі саясат басқармасының бірлесуімен «Ақтөбе жастары» жобасы өтті. Жоба барысында, тәуекел тобындағы лидер суденттерді қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Мемлекет тарапынан жастарға көптеген қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, жастар саясатын қолдау үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты мен «Облыс әкімінің атаулы стипендиясы» жобалары қолдау тапты. 2023 жылы Ақтөбе облысы әкімінің атаулы стипендиясын колледждің 19 (он тоғыз) студенті иеленді. Колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға көтерілді.

Білім алушылардың тәжірибелік сабақтары өтетін заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған Симуляциялық орталығы мен Мансап және жұмыспен қамту орталығы ашылды. Өндірістік (кәсіптік) практиканың клиникалық базасы ретінде 27 медициналық ұйыммен келісім-шарттар жасалды. Колледж кітапханасы арнайы пәндер бойынша оқу құралдарымен қамтамасыз етілді, компьютерлік техника сатып алынды.

Колледж студенттері халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық байқаулардың жүлдегерлері — 2023 жылдың қорытындысы бойынша республикалық деңгейде тоғызқұмалақтан студенттер лигасының үш дүркін чемпиондары атанды, волейболдан облыс денгейінде жүлделі орындарға ие болды. Медициналық колледждер арасында 2023 жылдың қазан айында Тараз қаласында өткен өзге ұлт өкілдері арасындағы республикалық байқауда колледж студенттері жүлделі III орынды иеленді.

Республикалық, облыстық олимпиада, сайыстарға колледж оқытушылары да белсенді түрде қатысуда. 2023 жылдың желтоқсан айында Солтүстік-Қазақстан жоғары медициналық колледжі ұйымдастырған «Заманауи колледждің оң имиджін қалыптастыру» тақырыбындағы халықаралық семинарда колледж оқытушылары белсенді қатысып, алғыс хаттармен марапатталды.