“2023 жылы өзім оқыған қызықты кітап” тақырыбында бук-слэм өтті

2024 жылдың 15 қаңтарында Бопай ханым жоғары медицина колледж кітапханасында “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы негізінде колледж студенттерінің оқу сапасын арттыру, оқыған кітаптарын насихаттап, образға кіріп оқығанын жандандыру мақсатында “2023 жылы өзім оқыған қызықты кітап” атты бук — слэм конкурсы өтті.

№112 «Емдеу ісі» тобының студенті Арзақұл Ақманар, № 119 «Лечебное дело» тобының студенті Маслова Валерия және № 306 «Емдеу ісі» тобының студенті Серікбаева Фатима шараға белсене қатыса отырып, өздері оқыған ең қызықты кітаптарын жарнамалап таныстырды.