25 қазан – ұлттық мереке, Республика күні!

25 қазан – ұлттық мереке, Республика күні! Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты салтанатты шара өтті. Шараның мақсаты білім алушыларға Ұлттық мереке 25-қазан Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру, жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту көзделді. Еліміздің басты мерекесі қарсаңында үздік жұмысымен көзге түсіп, белсенді қызмет атқарып жүрген оқытушылар мен қызметкерлерге Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының алғыс хаты, Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің алғыс хаттары, Ақтөбе Облыстық «Аманат» Партиясы марапаттары, сондай-ақ Бопай ханым жоғары медициналық колледжі әкімшілігі атынан алғыс хаттар салтанатты түрде табыс етілді. Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық волонтерлік желісінің ұйымдастырумен өткен «Taza Kazakhstan» атты республикалық акцияға қатысқаны үшін «Ашық жүрек еріктілер» клубының мүшелері Мәдениет және ақпарат министрлігі және Ұлттық волонтерлік желісінің сертификаттармен марапатталды. Шара барысында білім алушылар өз өнерлерін сыйға тартты, шара соңында білім алушыларға патриоттық отандық фильм көрсетілді.