26 қараша күні сағат 15:25-де колледждің коворкинг залында «Иммунопрофилактика – денсаулық кепілі» тақырыбында ашық сабақ-шеберлік класс түрінде 423 «Мейіргер ісі» мамандығының 4-курс студенттерімен өткізілді. Білім алушылар сабақ барысында екпе салуды үйренді, Манту сынамасын және Диаскинтестті қалай жасау керектігін манекенде көрсетіп орындады. Сонымен қатар рөлдік ойындар барысында студенттер иммунолог дәрігері, егу кабинеті мейірбикесі рөлінде ойнап, өз дағдыларын көрсетті.