27 қараша күні 326 «Фармация» тобының қатысуымен «Тазалық және гигиеналық бұйымдар- фармациялық тауарлардың қауіпсіздігі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында студенттер гигиеналық тауарлардың жіктелуі, олардың дұрыс қолданылуы, дәріхана тауарларының қауіпсіздігі және сапаны бағалау қағидалары бойынша терең мәлімет алды.
Практикалық бөлімде қатысушылар нақты мысалдар арқылы құралдарды талдап, өз білімдерін бекітті.