Баишев білім корпорациясының “Тағылым” күміс еріктілер клубы “Бата — тәрбиенің бастауы” атты Ақтөбе облыстық бата беру байқауын өткізді.

Қазақ ұлттық құндылықтарының бірі – бата беру дәстүрін дәріптеу, жаңғырту және кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында Ақтөбе қаласы, Баишев білім корпорациясының “Тағылым” күміс еріктілер клубы 16-шы наурыз күні, сағат 10.00-да “Бата — тәрбиенің бастауы” атты Ақтөбе облыстық бата беру байқауын өткізді.

Демеуші, Ережені бекітуші: Баишев білім корпорациясы “Тағылым” күміс еріктілер клубының төрағасы Бекежан Ахан.

Қолдаушы: Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің Наурыз мерекесін реформациялау аясында “Наурызнама” он күндігіне орай 16-шы наурыз “Мәдениет және ұлттық салт — дәстүр” күнін тойлау.

“Бата алдым, балалы болды, балалы болып саналы болдым, саналы болып дана болдым” дегендей Мәтм Би бір маслихатта Әбілхайыр ханға “Ер азаматқа батадан басқаның бәрі артық” деген екен.
Батаны қазақ халқы киелі тілекке жорыған.
“Баталы ел арымас, батасыз ел жарымас”,
“Атадан бота қалмаса да, бата қалсын, ботаның құны бір-ақ жұт, бата балаға мәңгі құт” дегендей өмір жолын көрген аузында дуасы бар, сөзінде киесі бар даналардың батасынсыз жолға, жорыққа, беташардан кейін ерлі — зайыптылар өмір жолына аттанбаған. “Бата дарып, бақ қонсын” — деп айтқан.

Біздің алдымызда жүрген ақ сақалды қарттарымыздың даналығын, бізге берген ақыл — парасатын, ақ батасын шын ниетпен қабылдаймыз.

Қазылар алқасы:
1. Серікжан Еншібайұлы, Ақтөбе облысының бас имамы.
2. Ықсан Көшерұлы, Ақтөбе облыстық қоғамдық келісім мүшесі, ардагер ұстаз.
3. Шалғынбай Өтегенұлы, Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің директорының орынбасары, ардагер ұстаз.

Бата беру байқауы шарапатты шара – ата салт — дәстүрімізді ардақтап, дәстүрлі дінімізді дәріптеуге бағытталғанын атап өту. Қатысушылар салиқалы сөз саптап, көрермендерге үлгі — өнеге көрсетті.
1. Байқаудың алғашқы шартында қатысушылап өздерін алма-кезек таныстырды.
2. Екінші шартта адам басына үш түрлі бата беріп жарысты. Жас Отау құрған жастарға, Шілдехана тойына, Нәрестеге, Халыққа, Шаңыраққа, көпшілікке берілетін баталарды жатқа айтты.
3. Соңғы бөлімінде қазақ халқының ұлттық құндылықтары: салт — дәстүрі мен әдет — ғұрыптары сұрақтарына жауап беру алқылы өз тәжірбие, білім, ілімдерін көрсетті.
Осылайша, түрлі үлгідегі ақ батаны жаудырып, тыңдарманның дәстүрлік танымы мен өнер өрісін молайтуға себепші болды.

Іс-шараның әр бөлігінде текті сөздің төресі термеге кезек беріліп, Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің студент — жас өнерпаздары әннен шашу шашты.

Бата беру байқаудың жүлдегерлері және қатысушылар арнайы дипломдармен, сертификаттармен, сыйлықтармен марапатталды.
Қазылар алқасының шешімімен төмендегідегідей қорытынды шықты:
Бас жүлде — Алданаев Тілеген Бақтығалевич,
1 орын – Ахмет Аманжол Ерғалиұлы,
2 орын – Сарсенов Казыбек,
3 орын -Тураналиев Айдынғали Аскаргалиевич.
Қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары: «Шежірелі қария», «Қазыналы қария», «Өнегелі қария», «Парасатты азамат», «Текті азамат», «Бекзада азамат», «Көңілі ашық азамат «, «Мәрт азамат»- т.б. номинациясы марапаттар берілді.

Баишев білім корпорациясының президенті Бекежан АХАН байқауға әділ баға берген Қазылар алқасына және қатысушы ақсақалдар мен азаматтарға алғыс айтып, мұндай жобаның жас ұрпақтың тәрбиесі үшін қажет екенін жеткізді.

Қатысушылар:
1. Сарбупенов Бақберген, Мәртөк ауд.
2. Алгазин Жексенбай Жайлыбаевич, Байғанин ауданы.
3. Асан Жұбаназар, Баишев университеті.
4. Абдисаламов Жвйылқан, Ақтөбе қаласы,
5. Дәулет Бақытжан, Шалқар ауданы.
6. Садуанов Самат, Мәртөк ауданы.
7. Алданаев Тілеген Бақтығалевич, Ойыл ауданы.
8. Бажаканов Кайырбай, Хромтау ауд.
9. Жарекешов Ерғабыл Молдағазинович, Мұғалжар ауданы.
10. Нұржанов Марат, Ақтөбе қаласы.
11. Тураналиев Айдынғали Аскаргалиевич, Ойыл ауданы.
12. Ахмет Аманжол Ерғалиұлы, Алға ауданы.
13. Жұмамұратұлы Кеулімжай, Ақтөбе қала.
14. Омаров Жұмабай, Ақтөбе қаласы.
15. Сарсенов Казыбек, Ақтөбе қаласы.
16. Жүсіп Қозыбағар, Ақтөбе қаласы.

Ақтөбе облысының ақсақалдары мен ер азаматтарын облыстық бата беру байқауына қатысып – ел тірлігі, ұлттық намыс, азаматтық парыз, елдік тұтастық, берекелі бейбіт өмір, достық пен татулық, ағайынның адал көңіл ынтымағы мен бірлігі, жас отауға жақсылық, алыс жолға ат басын бұрғандарға сәттілік, өмір жолын жаңа бастаған өренге, жаңа туған нәрестеге ұзақ ғұмыр, өнегелі жол тілеу, мұсылмандық мұратына ұю, имандылық, әділеттілік, адалдық, елдік пен ерлік, дастархан берекесі, ұзақ өмір, зор денсаулық, тыныштық, адамгершілік — тәрбиелік мәні жоғары халқымыздың асыл қазынасының бірі бата беріп, жастарға үлгі — өнеге көрсеткендеріне рахмет айтамыз!