Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кітапханасында Тілдер күні қарсағында «Ахмет Байтұрсынұлы – Тіл білімінің атасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұрын 1989 жылы 22 қыркүйекте «Тілдер туралы» заң қабылдануына орай, Тілдер мерекесі 1998 жылдан 22 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күні болып жарияланды.
Алайда, 2017 жылы күзде үкімет қаулысымен Тілдер күні 5 қыркүйекке ауыстырылды. Мұның себебі — 5 қыркүйек — қазақ халқының Тәуелсіздігі үшін күресіп, Тіл ғылымының негізін салған Алаштың рухани көсемі, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.