5 желтоқсан «Волонтерлар күні» колледж волонтерлары марапатталды

5 желтоқсан – волонтерлердің қоғамдағы маңызды рөлін, мұқтаж жандарға көмектесудегі жанқиярлық үлесін, түрлі қайырымдылық, әлеуметтік бастамаларды тану және қолдау мақсатында ұйымдастырылған Халықаралық волонтерлар күні.

Еріктілік – бүкіл әлем бойынша әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді шешуге арналған үлкен, жаңартылатын ресурс. Әлем өсіп келе жатқан қиындықтарға кезіккенде, еріктілер жиі көмекке бірінші болып келеді. Еріктілер дағдарыстар мен төтенше жағдайлармен күресудің алдыңғы қатарында, көбінесе өте күрделі және қиын жағдайларда бірінші үлеc қосады.

Мерке қарсаңында Ақтөбе жастары орталығының басшысы Н.Қожабеков @nursultanqazihanuly колледж жанынан құрылған «Ашық жүрек» еріктілер клубының @ashyq_zhurek белсенділерін алғыс хатпен марапаттады.