7 сәуір денсаулық күніне орай медициналық пункт ұйымдастырды.

2024жылдың 5 сәуірде «7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай Қобыланды батыр атындағы орталық стадионның алаңында Облыстық денсаулық басқармасының ұйымдастыруымен қаланың емдеу мекемелері №1,6,7 Қалалық емхана мамандарымен Жылжымалы медициналық пункт қала тұрғындарына медициналық қызметтер: қан қысымын өлшеу, қандағы қант, холестерин мөлшерін өлшеу, жалпы тәжірибе дәрігері, психолог кеңес берді.

Қала тұрғындарына салауатты өмір салтын жүргізуге баулу және насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндірме парақшалары таратылды.