2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА 09130100 «МЕЙІРГЕР ІСІ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БОС БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ.

Техникалық және кәсіптік білім алу процесінде босаған 2023-2024 оқу жылына арналған бос білім беру гранттарының саны – 1.
09130100 «Мейіргер ісі» (11 сынып) мамандығы бойынша, 2 курс, оқу тілі — Қазақ, жергілікті бюджет.

Техникалық және кәсіптік білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі

— Техникалық және кәсіптік білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары осы мамандық бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі. Конкурс аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі.
— Бос білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде оқудың барлық кезеңі бойынша үлгерімнің орташа баллының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек А, А- («өте жақсы»), содан кейін А, А- («өте жақсы») — В+, В, В — («жақсы») бағалары бар, және тәрбие, мәдени, спорт, басқа да іс-шараларға белсенді қатысып жүрген білім алушылар, аз қамтылған отбасылардың балалары басым құқыққа ие болады.
— Техникалық және кәсіптік білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ақылы негізде білім алушы білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға оқу орны басшысының атына өтініш береді. Білім алушының өтінішіне білім алушының транскрипті/сынақ кітапшасының көшірмесі, оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мінездеме, тәрбие, мәдени, спорт, басқа да іс-шараларға белсенді қатысуын растайтын құжаттар (портфолио) қоса беріледі;
2) конкурсқа қатысуға құқылы — аралық аттестаттау нәтижелері бойынша академиялық берешегі жоқ ақылы негізде оқитын білім алушылар.

Құжаттар 04-желтоқсан сағат 10:00-ге дейін қабылданады. Конкурсқа 2 курстың (11 сынып) «Мейіргер ісі» мамандығында оқитын білім алушылар соның ішінде Ақтөбе облысының түлектері қатыса алады.

Барлық сұрақтар бойынша «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі Агатаева Тамара Бекетаевнаға (107 кабинет) хабарласуға болады.