Ағымдағы жылдың 30 қараша күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің студенттеріне кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмысты алдын алу, оның ішінде колледж студенттерінің қатысуымен орын алатын бұзақылық, топтасып төбелесу, заңсыз қаржы жинау, түнгі уақытта ата-ана қадағалауынсыз қоғамдық жерлерде жүру фактілері мен олардың діни жат ағымдарға енулерінің алдын алу бағытында құзырлы органдармен бірлесіп тиісті шаралар қабылданып, орындау мақсатында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты және оқыс оқиғаларды алдын алу бойынша «Заң және жасөспірім» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуде Ақтөбе қаласы, Астана ауданының №2 ҚПБ-нің полиция майоры, учаскелік полиция инспекторы К.Днимов пен директордың тәрбие және әлеуметтік сұрақтары бойынша орынбасары Е.А.Сейтенов сөз алып, баяндама жасады.
Жиын соңында қатысушыларды сақтық және профилактикалық шараларды бірлесе күшейтуге шақырды. Кездесу барысында ұсыныс пікірлер ескеріліп, қойылған сұрақтарға жан — жақты жауаптар алынды.