Ағымдағы жылдың 27 қараша күні колледждің директор жанындағы кеңесінің кезектен тыс отырысы өткізілді. Отырыста ағымдағы мәселелер қаралып, Жастар ісі жөніндегі комитеті жанындағы «Студенттік кеңес» ұйымының жаңа президенті тағайындалды. 2022 жылдың екінші жарты жылдығынан бері «Студенттік кеңес» президенті қызметін «Емдеу ісі» мамандығының 3 курс студенті Нурыллаева Аружан Бакытбековна атқарған болатын. Дипломалды тәжірибе мен оқу процесіне байланысты комиссия шешімімен «Мейіргер ісі» мамандығының 3 курс студенті Берикова Орынай Бериковнаға тапсырылды.
Айта кетейік, президенттік мандат кемінде 1 жылға сайланады. «Студенттік кеңес» ұйымының мақсаты колледждегі оқу тәрбиелік процестерді басқарудың жалпы жүйесі болып табылады және студенттердің қоғамдық пікірлерін, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерттеу негізінде есепке алады.
Аружан Бакытбековнаға жасаған игі істеріне алғыс айтамыз. Тағайындалған Орынай Бериковнаға жаңа бастамалар мен оң нәтижелер көрсетеді деген сеніммен сәттілік тілейміз!
#студенттікпарламент
@jasaqtobe @aqtobejastary @aqtobe_bilim_basqarmasy