«МЕЙІРГЕР ІСІ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БОС БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫНА АРНАЛҒАН КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 06 желтоқсан күні 2023-2024 оқу жылына 09130100 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бос білім беру грантына арналған конкурстың комиссия отырсы өтті.

Комиссия құрамына М.С.Нурмаганбетова — колледж директоры, комиссия төрайымы; Е.А.Сейтенов – директордың тәрбие және әлеуметтік сұрақтары бойынша орынбасары; Г.Е.Қаршығина — директордың оқу- әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары; Т.Б.Агатаева — «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі; А.Н.Урумбаева — бас есепші; С.Жұмалықызы – әлеуметтік педагог; Д.А.Куанышбаев – Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы; төрелік етті; Б.А.Нарғалиев — студенттік кеңес мүшесі. Комиссия мүшелері мемлекеттік тапсырысқа түсуге өтінім білдірген 4 (төрт) студенттің портфолиосын қарады. Бос білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде оқудың барлық кезеңі бойынша үлгерімнің орташа баллының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек А, А- («өте жақсы»), содан кейін А, А- («өте жақсы») — В+, В, В — («жақсы») бағалары бар, және тәрбие, мәдени, спорт, басқа да іс-шараларға белсенді қатысып жүрген білім алушылар, аз қамтылған отбасылардың балалары басым құқыққа ие болатынын ескерді.

Комиссия шешімімен «Мейіргер ісі» мамандығының 203 топ студенті Қуаныш Жансая Ғалымжанқызына (GPA 3,72 студенттік ғылыми жобалар жеңімпазы) дауыс берудің басым бөлігімен (комиссия мүшелерінің 6-ы «жақтады») бос білім гранты тағайындалды.