ЖУБАНОВА ЖАНЫЛСЫН ТАГЫБЕРГЕНОВНА

Директордың оқу-өндірістік жұмысы бойынша орынбасары

Білімі: жоғары
Еңбек өтілі: 34 жыл


Білім беру ұйымының басты міндеті-түлектерді мамандық бойынша өндірістік тәжірибеге орналастыру. Бопай ханым жоғары медициналық колледжі кәсіптік тәжірибелерді, оқу-өндірістік клиникаларда емханаларда ,ауруханаларда тәжірибеден өту және өндірістік оқыту кезеңінде құзыреттілікті игеру үшін шарттар негізінде жұмыс берушілер ұсынатын орындарда білім алушыларды өндірістік оқытуды ұйымдастыру мен өткізудің тиісті деңгейін қамтамасыз етеді. Барлық мамандықтар бойынша студенттердің кәсіптік тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу тәртібін қадағалау.

Әр мамандық бойынша тәжірибелік бағдарламалары әзірленді. Барлық мамандықтар бойынша тәжірибелерді ұйымдастыру мақсатында алдын ала кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен келісім-шарттар жасалды. тәжірибенің барлық базалары білім алушылардың алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін қажетті жабдықтармен, материалдармен, әдебиеттермен жабдықталған.
 
Кәсіби құзыреттілікті жетілдіру үшін жыл сайын тәжірибеден өту үшін колледждің материалдық — техникалық базасы кеңейтіліп, тәжірибе базасы — кәсіпорындарының тізімі кеңейтілуде. Колледж тәжірибе базаларымен ұзақ мерзімді шарттар жасайды.
 
Бүгінгі күні колледж әлеуметтік серіктес кәсіпорындармен келісім — шарт жасады. Осылайша, колледж қабырғасынан шығып, біздің түлектер теориялық біліммен қатар, алдағы уақытта жұмыс істеуге қажетті тәжірибелік дағдыларды алады. Түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштері мамандарды даярлау сапасының негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады.