🔸Қызылшаның алдын алу мақсатында ата-аналарға ұсынатынымыз:
— өз баласының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру. Вакцинация болмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша емханаларда қызылшаға қарсы профилактикалық егуді алу;
— егер бала әр түрлі себептерге байланысты вакцинацияланбаған болса, оларды адамдар көп жиналатын жерлерде болуын шектеу (түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысу, сауда, ойын-сауық орталықтарында және т. б. ойын алаңдарына бару);
— аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде, яғни дене қызуының көтерілуі, мұрыннан су ағу, жөтел, денеде бөртпенің пайда болуы кезінде дереу медициналық көмекке жүгіну керек!
Тағы да естеріңізге сала кетсек, қызылшадан қорғанудың бірден-бір тиімді қорғану әдісі – вакцинация!
🔹Құрметті азаматтар!
Вакцинациядан бас тартпаңыз! Қызылша асқынуларымен қауіпті! Тек уақтылы жасалған вакцинация инфекциядан қорғайды! Балаларыңыз бен жақын адамдарыңыздың денсаулығына қамқор болыңыз!