КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ

🔹Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің «Емдеу ісі» мамандығының 110 топ студенттері мен қазақ әдебиеті пәні оқытушылары Д.А.Куанышбаев пен Ж.Ж.Шалқарбаеваның ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 93 жылдығына арналған «Әр өлеңі — бір әлем» тақырыбымен әдеби-сазды кешін өткізді.

💬Жиынды ашқан Манет Сағынғалиқызы мұзбалақ жыр шайырының шығармаларын өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау мақсатында осыдан бір жыл бұрын қолға алынған игілікті істің дәстүрге айналғанына шынайы алғысын жеткізді.

🔰Кешке Ақтөбе қаласының орталықтандырылған №3 кітапхана қызметкерлері мен колледж директоры және студенттері қатысты. Оқу орнының студенттері жыр падишасының туындыларын орындап, жүрекжарды шығармаларын оқыды.

🔸Сонымер қатар, кеш барысында «Емдеу ісі» мамандығының 110 топ студенттері Алатаудай асқар таланттың туындыларын орындап, сахналық қойылымды жұртшылық назарына ұсынды.