1,2 курс «Мейіргер ісі» және «Акушерлік ісі» мамандығының бөлім меңгерушісі
Агатаева Тамара Бекетаевна
Санаты: «Химия — биология» пәндерінің оқытушысы.
Білімі:
2001 — 2007 жж. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты.
2008 — 2010 жж. Сақтаған Баишев атындағы университеті.
Жұмыс өтілі:
2009 — 2013 жж. «Шағала» Балалар жасөспірімдер спорт мектебі
2013-2020 жж. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
2020 жж. Байшев жоғары медицина колледжі, әлі күнге дейін.
«Мейіргер ісі» және «Акушерлік ісі» – бұл базалық медициналық білім, содан кейін барып, арнайы мамандандықты игеруге болады: Жалпы практикадағы мейіргер, аға медбике, акушер және т.б. Әр курста студенттер ауруханаларда, емханаларда және перзентханаларда міндетті практикадан өтеді.
Бұл саланың қызметкерлері мықты денсаулыққа, жақсы дене дайындығына, батылдық пен жігерлікке ие. Студенттерге адамдарды емдеу мен түрлі ауруларды дұрыс диагностикалауды ғана емес, сонымен қатар халық арасында профилактикалық және ағартушылық жұмыстарды жүргізуді үйретеді.
«Мейіргер ісі» және «Акушерлік ісі» мамандығының түлегі өз бетінше пациенттермен жұмыс жүргізуге, оларға ем тағайындау мен ем жүргізуге құқығы жоқ. Ол пациенттермен өз жұмысын тәжірибелі мамандардың бақылауымен ғана орындай алады. Сонымен бірге ол ғылыми қызметпен айналыса алады, медициналық мекемелерде түрлі лауазымдарда қызмет ете алады.
«Мейіргер ісі» және «Акушерлік ісі» мамандығы мына бағыттар бойынша кәсіби мамандарды дайындайды:
- 4S09120101 «Жалпы практикадағы мейіргер»
- 4S09130201 «Акушер»
Дәрігер болып жұмыс істеу үшін «Мейіргер ісі» және «Акушерлік ісі» мамандығының түлегі колледжді аяқтағаннан кейін ЖОО-да жоғары кәсіптік білім алуы қажет.
Жалпы «Мейіргер ісі» және «Акушерлік ісі» мамандығы бойынша: «Мейіргер ісі» және «Акушерлік ісі» мамандығы 1, 2 курс бойынша 23 топ, оның ішінде 6 бюджеттік топ бар.
1 курс «Мейіргер ісі» және «Акушерлік ісі» -мамандығы бойынша: 11 топ
9 сыныптан кейін — 4 топ, 11 сыныптан кейін-7 топ.
2 курс «Мейіргер ісі» және «Акушерлік ісі» -мамандығы бойынша: 12 топ
9 сыныптан кейін – 4 топ, 11 сыныптан кейін- 8 топ.
Бөлімге келесі міндеттер жүктеледі:
- Бөлімдегі оқу жұмысын ұйымдастыру және басқару.
- Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету.
- Сабақ кестесіне қатысты студентті тексеру және сабақтың болуын қадағалау.
- Білім алушылар контингентін сақтау.
- Оқу үдерісіндегі емтихандарды, сынақтарды, бақылау жұмыстарын, т.б. бақылау түрларінің кестесін құру, дайындалуы мен өткізілуін, бекітілуін ұйымдастыру, қадағалау.
- Оқу-әдістемелік кеңес, пәндік –циклдік комиссия жұмысын басқару.
- Оқытушылардың оқу журналдарын уақытылы толтырылуын, білім алушылардың сабаққа қатысымын, үлгерімін қадағалау.
- Білім алушылармен, олардың ата-аналарымен жұмыс жасау.
- Кураторлармен жұмысын қадағалау, реттеу.
- Білім алушыларды колледжішілік тәртіппен таныстыру;
- Ата- аналармен қарым- қатынасты нығайту;
- Жетім, мүгедек, аз қамтылған отбасы балаларымен жұмыс жүргізу;
- Жатақханада тұратын білім алушыларға бақылау жүргізу;
- Білім алушылар арасында пәтер жалдап тұратын білім алушылардың тұрмысын қадағалап отыру;
- Қиын білім алушылармен жұмысты жүйелі түрде жүргізу;
- Топ жетекшілерінің жұмыстарына бақылау жүргізу, кураторлық кеңес мүшелерінің жұмысын өз деңгейінде орындалуына ықпал ету;
- Білім алушылар мен оқытушыларды республикалық, облыстық, қалалық, іс- шараларға қатысуға жұмылдыру;
- Дарынды білім алушылармен жеке жұмыс жасау, оларға жетекшілік жүргізу;
- Колледжішілік конференция, семинарларға қатысу;
- Колледж кітапханасымен байланысты нығайту.
- Ішкі тәртіп ережіне бағыну (форма)
Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу жұмыс жоспары
Мамандық: 09130100 «Мейіргер ісі»
Біліктілік: 5AB09130101 — Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры
Оқыту нысаны: күндізгі
Білім беру багдарламасын меңгеру мерзімі: жалпы орта білім беру базасында 3 жыл 6 ай
Қабыданған жылы — 2023
Аяқтау мерзімі — 2027
09130100 «Мейіргер ісі» мамандығы
5AB09130101 -«Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша оқу жұмыс жоспарына түсініктеме
Оқу жұмыс жоспары 09130100 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Nº63 ҚР ДСМ бұйрығы және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауш, негізгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ағарту Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы Nº348 бұйрығы «Орта, жалпы орта техникалык және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру» және үлгілік оқу жоспары негізінде жасалды.
Оқу жұмыс жоспары білім алушылардың даярлык денгейіне қойылатын талаптарды жүзеге асыруға арналған.
Жалпы орта білім беру базасында міндетті оқытуға окуға бөлінген сағат сандары — 5184 сағат/ 216 кредит.
Жалпы кәсіптік білім беру пәндері бойынша «Кәсіби қазақ (орыс) тілі», «Кәсіби шет тілі», Қазақстан тарихы, Анатомия, физиология және патология, Фармакология, фармакотерапия және медициналық калькуляция пәндерінен,
Арнайы білім беру пәндері бойынша Пациенттін жағдайын клиникалық бағалау, Педиатриядағы мейіргер ісі,
Шұғыл көмек пәндерінен ОСКЭ қарастырылған. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргерлік мамандық, Мейіргер ісіндегі инфекциялық бақылау, Пациенттің қауіпсіздігіне арналған клиникалык мейіргерлік күтім,
Созылмалы аурулар кезіндегі мейіргерлік күтім, Жіті аурулар кезіндегі мейіргерлік кутім хирургиялық және периоперативті мейіргер), Геронтологиялық мейіргер ісі, Акушериядағы мейіргер ісі, Әлеуметтік маңызы бар аурулар,
Психикалық денсаулық және аддикция, Паллиативтік көмек және онкологиялық бейіндегі пациенттерге күтім керсету, Үйдегі мейіргерлік күтім, Денсаулықты нығайту, Пациенттерді окыту, Жұқпалы аурулардағы мейіргерлік іс,
Мейіргерлік істегі зерттеулерді жоспарлау және жургізу кағидаттары, Функционалдық мүмкіндіктерді жақсарту,
Мамандандырылған мейіргерлік күтім, Биостатистика және зерттеу жұмысының нәтижелерін рәсімдеу, Мейіргер ісіндегі менеджмент, Мейіргер ісіндегі әлеуметтік жұмыс пәндерінен емтихан, қалған пәндерден сараланған сынақ тапсыру көзделген.
Өндірістік тежірибе мен дипломалды практикага 2208 сағат/ 92 кредит бөлінген.
Элективті пәндерге 72 сағат/3 кредит бөлінген.
Факультативтер (аптасына 4 сағ. артық емес).
Консультациялар (жылына 100 сағаттан артық емес).
1-суретте 128 мейіргер ісі 3,6ай
Кез-келген шараға өздерінің қоңыр дауыстарымен ән айтып белсене араласатын студенттер Иржанов Анвар, Анварбеков Азиз:
2 –суретте 128 мейіргер ісі студенттері Иржанов Анвар, Анварбеков Азизжәне сонымен қатар 19 сәуір 2024жылы MISS BOPAI -2024 қатысты:
3-суретте 128 мейіргер ісі студенті Мейірімханова Жаннұр
№ | Курс | Топ | Студент саны | Куратор | Телефон |
1. | «Мейіргер ісі» | МІ-101(9) | 25 | Алиева Г.А. | 87021811646 |
2. | «Мейіргер ісі» | МІ-102(9) | 24 | Тукеева А. | 87717633723 |
3. | «Мейіргер ісі» | МІ-103(9) | 24 | Бакитова А. | 87055479750 |
4. | «Мейіргер ісі» | МІ-104(9) | 23 | Аманжан Н | 87085445703 |
5. | «Мейіргер ісі» | МІ-105(9) | 25 | Сагындыкова Л.С. | 87478782120 |
6. | «Мейіргер ісі» | МІ-106(11) | 22 | Мұханбет Ә.Ж. | 87472992756 |
7. | «Мейіргер ісі» | МІ-107(11)ІІІ | 22 | Кадыров Ж.Б. | 87753316505 |
8. | «Мейіргер ісі» | МІ-108(11)ІІІ | 24 | Истлеуова А.Ж. | 87014235669 |
9. | «Сестринское дело» | СД-109(11) | 12 | Жумина Б.Д. | 87025678085 |
10. | «Мейіргер ісі» | МІ-Қб-128(3,6) | 24 | Әбиболла И.С. | 87072100825 |
11. | «Сестринское дело» | СД 201(11) | 12 | Кабыл А. | 87055562379 |
12. | «Мейіргер ісі» | МІ 202 (9) | 23 | Алиева Г.А. | 87021811646 |
13. | «Мейіргер ісі» | МІ 203 (11) | 22 | Өмірзақова М.Ө. | 87758378784 |
14. | «Мейіргер ісі» | МІ-223(9) | 25 | Аскарова Ш. | 87471255782 |
15. | «Мейіргер ісі» | МІ-224(9) | 24 | Алиева И | 87025392207 |
16. | «Мейіргер ісі» | МІ-225(9) | 21 | Агатаева Т.Б. | 87053801801 |
17. | «Мейіргер ісі» | МІ-226(11) | 23 | Истлеуова А.Ж | 87014235669 |
18. | «Мейіргер ісі» | МІ-227(11) | 20 | Тынышбайқызы З | 87055364990 |
19. | «Мейіргер ісі» | МІ-228(11) | 18 | Теңізбаева Ш.Т. | 87783750598 |
20. | «Мейіргер ісі» | МІ-229(11) ІІІ | 16 | Досмуратов К.С. | 87476065771 |
21. | «Мейіргер ісі» | МІ-234(11) ІІІ | 16 | Танатаров Р.Х. | 87014552854 |
22. | «Акушерлік іс» | АІ-125(11) | 17 | Бақтыбердина Г.С | 87018912948 |
23. | «Акушерлік іс» | АІ-230(11) | 13 | Мамбетова А | 87087487698 |
- All Posts
- 1-2 курс Мейіргер ісі және Акушерлік ісі