Ғылым күніне орай студенттік ғылыми қоғамының « ІІ — студенттік ғылым – ел ғылымының болашағы» атты апталығының аясында «Жас фармацевт» үйірме студенттері үйірме жетекшісі Аманғос Нұржауған Аманғосқызы “Фуран туындыларының дәрілік заттарына” фармацевтикалық талдау жасау тақырыбында шеберлік сағат өткізілді.
Шеберлік сағатта фуран туындылары: фурацилин, фурадонин, фуразолидон дәрілік заттарына сапалық және сандық талдау жасалып, олардың ерігіштігін, шынайылығын анықтадық. Аталған дәрілік заттардың фармацевтикада және медицанада қолданылуы, алыну жолдары, дозалануы туралы ақпараттар берілді.