Ағымдағы жылдың 13-14 мамыр күндері Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің дене тәрбиесі пәні оқытушылары Б.Жумабаев пен Р.Х.Танатаров Байғанин аудандары мен Атырау облысындағы Сағыз, Миялы, Мұқыр ауылдарының мектептеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру және оқушыларды, ата-аналарды мамандық бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдауға арналған «Мамандық таңдау — болашақты таңдау» тақырыбында өткен ашық есік күнінде оқу орнында оқытылатын мамандықтар туралы баяндама жасап, буклеттер таратты.