ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ — ҚОҒАМ ТӘРБИЕСІ

10 қыркүйек күні Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастарға кеңес» жобасы аясында, «Қыз тәрбиесі — қоғам тәрбиесі» тақырыбында кездесу өтті.

Жастардың бойында патриоттық сезім мен рухани тәрбиені қалыптастыру, ұлттық және отбасылық құндылық­тарды дәріптеу, құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу, буллинг пен лудоманияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған кездесуге ҚР ең үздік әйелі орденінің иегері, алтын алқа иегері — Бибігүл Әбдішүкірқызы мен ювеналдық полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты — Жумагуль Курмангазина қатысты.

Кездесуде қазақ қызының бойындағы дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, көріктілік, ептілік сияқты жан — жақты ұлттық асыл қасиеттері төңірегінде әңгіме өрбіліп, нәзік жандыларға қажетті кеңестер берілді.

Шара барысында Бопай ханым атындағы жоғары медициналық колледжінің 100 тарта жастары қамтылды.

@aqtobe_saiasat
@aktobe_ishki_sayasat_bolimi
@alibekbaineshov
@muratkulbergenov
@mirkhan_yermaganbetov
@jasaqtobe
@samgat_artigalin
@e_kanatov1ch