2024 жылдың қыркүйек айында Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кітапханасында 113 «Емдеу ісі» білім алушыларымен, кураторы Қантөре А. «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Біз оқуға құштар буынбыз» волонтерлық қозағалыс шарасы ұйымдастырылды ондағы мақсат білім алушыларды достыққа, ұжымен жұмыс жасауға мүмкіндік беру арқылы кітаппен дос болуға үндеу.
«Волонтерлік патриотизмнің бір көрінісі – еріктілер ең алдымен елдің игілігіне қызмет етеді. Олардың жұмысы азаматтық қоғамды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Волонтерлік дегеніміз – бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, әрекет ету. Еріктілік деген халқымыздың шынайы болмысы – салт-дәстүрі. Сондықтан біз де бұл дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Бұл бастама ұлтты қиыстырып, мемлекетті нығайту үшін қажет. Ұлы Абайдың «қарекет қыл, пайдасы көпке тисін» деген сөзі осындай игі істерге үндейді. Сондықтан біз волонтерлікті кеңінен дәріптеуіміз керек. Береке бірлігімізді арттыратын шараларға бір ел – тұтас ұлт болып атсалысуымыз қажет».