«Кітапхана табыс мекені» ашық есік күні

2024 жылдың 12 қыркүйегі күні аралығында Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында  «Кітапхана – табыс мекені» атты ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсаты  жобаны іске асыру жұмыстарын таныстыра отырып, кітап оқуды насихаттау. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. І курс студенттеріне колледж кітапханасы жайында толық ақпарат беріп, ережелерімен таныстыру.

Білім алушыларды кітапхана қорына саяхат ұйымдастырылып, кітапхананың ақпараттық – библиографиялық қоры, жалпы бөлімдер бойынша кітап қоры, жаңа түскен әдебиеттер, биылғы ақын-жазушылардың мерейтойларына орай таныстырылым  ұйымдастырылды.