09160100 «Фармация» мамандығының бос білім гранты конкурсының комиссия отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 09 қазан күні 2024-2025 оқу жылына 09160100 «Фармация» (2 курс, 11сынып) мамандықтары бойынша бос білім беру грантына арналған конкурстың комиссия отырысы өтті.

Комиссия мүшелері мемлекеттік тапсырысқа түсуге өтінім білдірген 5 (бес) студенттің портфолиосын қарады. Бос білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде оқудың барлық кезеңі бойынша үлгерімнің орташа баллының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек А, А- («өте жақсы»), содан кейін А, А- («өте жақсы») — В+, В, В — («жақсы») бағалары бар, және тәрбие, мәдени, спорт, басқа да іс-шараларға белсенді қатысып жүрген білім алушылар, аз қамтылған отбасылардың балалары басым құқыққа ие болатынын ескерді.

Бос орынға «Фармация» бөлімінен 5 (бес) білім алушы өтініш білдірді. 11 сынып негізіндегі 2 курс үшін: Ердешова Гүлбақыт Амангелдіқызы (GPA 3.21), Алдаберген Жанель Гамзатовна (GPA 2,99), Тлегенова Гульназ Борибаевна (GPA 3,19), және Сейтмағанбетова Венера Серикбаевна (GPA 3,23) мен Берікқызы Саида (GPA 2,81) құжаттар тапсырды.

Техникалық және кәсіптік білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібінің ережесі негізінде комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижесі бойынша оқу үлгерімі «жақсы» 09160100 «Фармация» мамандығындағы бос 2 орынға Ердешова Гүлбақыт Амангелдіқызы мен Сейтмағанбетова Венера Серикбаевнаға Техникалық және кәсіптік білім алу процесінде босаған бос білім беру гранты тағайындалды.