25 қазан Республика күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кітапханасында «25 қазан Республика күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

25 қазан Республика күні

Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кітапханасында «25 қазан Республика күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Осыдан 35 жыл бұрын Егемендік декларациясы қабылданып, еліміз тәуелсіздікке алғашқы қадамын жасады. 1990 жылы 25 қазанда азаттық идеясы шынайы құқықтық және саяси мәнге ие болды.
Сондықтан Республика күні – мемлекеттіліктің, заң үстемдігінің және демократиялық құндылықтардың салтанат құрған күні. Маңызды дата әр азаматқа өзінің ел алдындағы жауапкершілігін, Отан тағдырына деген үлесін терең сезінуге шақырады. Бұл – тарихымызды жаңаша пайымдап, елдіктің негізін қалаған тұлғаларға тағзым ететін, ұлттың рухын асқақтататын ұлттық мереке.