«Кітапты бірге оқимыз» библио кросс

2025 жылдың  сәуір айында Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кітапханасында  «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітапты бірге оқимыз» тақырыбында кітапханалық библио-кросс өтті. Кросс мақсаты: жас ұрпақтың бойына Отансүйгіштікті, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ықпал ететін қазақ жазушылардың шығармаларын дәріптеу. Іс-шарада жас оқырман оқыған кітаптарын баяндап, бір-біріне ұсынып, алған әсерлерін ортаға салды. Библио-кроссқа 101 «Мейіргер ісі» тобының білім алушылары  кураторы Агатаева Т.Б. белсене  қатысты.