«Мен және менің болашағым» психологиялық қолдау сабағы

Мен және менің болашағым» психологиялық қолдау сабағы ✨

Бүгін білім алушылардың мазасыздық деңгейін төмендетіп, өзіне деген сенімділігін арттыруға бағытталған психологиялық қолдау сабағы өткізілді.
Сабақ барысында қатысушылар болашаққа арналған жоспарлары мен армандарын қағаз бетіне түсіріп, эссе жазу арқылы өз ойларын еркін жеткізді.
Бұл жұмыс олардың өзіндік дамуына, мақсаттарын анықтауға және болашағына сеніммен қадам жасауына мүмкіндік берді.
🌱 Әр жас – өз болашағының авторы.
🌟 Біздің міндет – оған қолдау көрсету.
Сабақты өткізген: колледж психологы Ж.Н.Нагиметова