«Адам құқығы – бала құқығы» атты дөңгелек үстел болып өтті

«Адам құқығы – бала құқығы»
Заң ғылымдарының магистрі К.Ж.Орунбасарованың ұйымдастыруымен «Мейіргер ісі – 105» топ және «Емдеу ісі – 213» топ білім алушыларына арналған «Адам құқығы – бала құқығы» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Іс-шараның мақсаты: Қазіргі таңда бала құқығының қорғалуы туралы құқықтық түсіндірме жұмысын жүргізу , білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, білім алушылардың өз құқықтары мен азаматтық міндеттерін түсіндіру, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу.
Дөңгелек үстелге Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, полиция капитаны Н.К.Искалиев және Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің маманы, полиция қызметкері Н.А.Молдаш, колледж оқытушысы А.Сенбіқызы, директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Г.М.Демесинова қатысты. Дөңгелек үстел барысында бала құқығының қорғалуында ата-ананың рөлі, өзге адамның құқығына құрмет сезімін көрсету, қазіргі кезде балалар арасында жиі кездесетін қылмыстар, отбасындағы зорлық-зомбылық т.б. мәселелер талқыланды. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.