Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында «Ағадан AQYL» спорттық жобасы болып өтті.

Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында «Ағадан AQYL» спорттық жобасы болып өтті. Аталған шараға Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің білім алушылары белсене қатысты.
Іс-шараның мақсаты – Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың, лудоманияның, буллингтің алдын алу, спорт пен пайдалы әдеттерге баулу. Сонымен қатар, тәжірибелі спортшылардың өмірлік тәжірибесін тыңдату арқылы студенттерге дұрыс бағыт-бағдар беру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа және қоғамға пайдалы адам болуға шақыру.