17 қараша — Халықаралық студенттер күніне орай Қалалық мәдениет үйінде «Студенттік өмір – жарқын сәттер кезеңі» атты студент қатарына қабылдау кеші өтті.

«Студенттік өмір – жарқын сәттер кезеңі»
17 қараша — Халықаралық студенттер күніне орай Қалалық мәдениет үйінде «Студенттік өмір – жарқын сәттер кезеңі» атты студент қатарына қабылдау кеші өтті.
Кеш колледж директоры Ш.С.Жоламанованың мерекелік құттықтау сөзімен ашылды. Колледждің қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласып, оқуда үздік оқу жетістігін көрсеткен білім алушылар Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімі Қырықбаев Баянбек Талғатұлының, Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің бас директоры Ахан Бекежан Аханұлының Алғыс хатымен марапатталды. 
Іс-шараға Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі Е.Т.Сарсенов, Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы С.О.Әлішер, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы М.Б.Куписов, С.Бәйішев мектеп-лицейінің директоры Ж.М.Ағысбай т.б. арнайы қонақтар шақырылды.
Кеш барысында жаңадан тағайындалған Өзін-өзі басқару студенттік Парламенті және 1 курс студент қатарына қабылданған болашақ мамандар салтанатты түрде ант қабылдады.
Сонымен қатар, Бопай ханым жоғары медициналық колледжі Гимнінің тұсауы кесіліп, кеш «Мәдениет және өнер» фракциясының концерттік бағдарламасына ұласты.