
Бүгін Бопай ханым атындағы жоғары медициналық колледжінде “ВИЧ туралы не білу керек” атты ақпарат сағаты өтті. Шараға “Абжарис” медициналық орталығының бас дәрігері,инфекционист, педиатр Туреханова Надежда Маратовна, 1 курс студенттері қатысты. Тақырыпқа сай студенттер маманнан толық ақпарат алды, сұрақтарына жауап алып, өз ойларымен бөлісті.