
Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде маңызды шара өтті!
Бүгін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында студенттер үшін АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттық дәрістер мен әңгіме-сабақтар ұйымдастырылды. Шараның мақсаты — жастардың білімін арттыру, алдын алу жолдарын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Студенттер:
— АИТВ жұғу жолдары мен алдын алу шараларын үйренді
— Мифтер мен шынайы ақпаратты ажыратуды меңгерді
— Өзін және жақынын қорғаудың маңызын түсінді
Осындай шаралар жастардың ақпараттануын арттырып, саналы ұрпақ қалыптастыруға үлес қосады.
