Жастар қауіпсіздігі: Нашақорлық пен кибер алаяқтыққа қарсы бірлік.


25 қараша күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде «Жастар қауіпсіздігі: Нашақорлық пен кибер алаяқтыққа қарсы бірлік» тақырыбында білім алушылармен кездесу өтті.
Кездесуге Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі Кияшев Азамат Абдушевич, Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Шагиров Жанибек Асылбекович, Заң және қоғам ұйымының идея авторы Сәденов Бекарыс Ерболұлы, кинолог мамандар қатысты.
Бүгінгі таңда жастардың қауіпсіздігі – еліміздің болашағы үшін ең маңызды мәселелердің бірі. Нашақорлық, есірткі бизнесі және интернет кеңістігіндегі кибер алаяқтық күн сайын жаңа формаларға еніп, жастарды алдаудың түрлі әдістерін қолдануда. Бұл қауіп-қатерлерге қарсы тұру – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
📌 Бұл кездесудің негізгі мақсаты – жастарды қауіпсіз өмір салтына, сауатты интернет мәдениетіне тәрбиелеу, құқықтық білім мен жауапкершілікті арттыру. Әрбір жас өз қауіпсіздігі үшін ақпараттық сауатты болуы, күмәнді сілтемелерден, белгісіз жарнамалардан, әлсіз ұсыныстардан аулақ болу қажет.
Біз бірлікпен ғана қоғамдағы теріс әрекеттерге тосқауыл қоя аламыз.
🔹 Нашақорлыққа – нөлдік төзімділік
🔹 Кибер алаяқтыққа – қырағылық
🔹 Жастар қауіпсіздігіне – ортақ жауапкершілік
Кездесуде есірткі, психотроптық, сол тектес заттарды заңсыз өткізіп, дайындағаны, тасымалдағаны, сондай-ақ, сақтағаны үшін абақтыда жазасын өтеп жүрген өрімдей жастар туралы, жасөспірімдердің есірткі бизнесіне тартылуы, синтетикалық есірткіні қолданудың зиянды әсері мен салдары туралы бейнебаяндар көрсетілді.