
25 қараша күні Облыстық білім басқармасы және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Адам құқықтарын қорғаудың бірыңғай сабағы» өтті. Сабаққа Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің білім алушылары онлайн қатысты.
Бірыңғай сабақта адам құқықтары және құқықтық мемлекет, Қазақстандағы мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен бостандықтары, Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі мен адам құқықтарын қорғаудың халықаралық тетіктері жөнінде айтылды және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және ар-намысты қорлайтын қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын қолдану арқылы адам құқықтарын қорғау, Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.
